Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы бекітілді
Фото: bnews.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы бекітілді, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов ‑ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов ‑ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев ‑ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ‑ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова ‑ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ‑ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов ‑ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы ‑ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев ‑ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ‑ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, осыған дейін Кәрім Мәсімов ҚР ҰҚК төрағасы болып, Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалған еді. Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне кіріскен-ді. 

Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары, Жасұзақов Сәкен Әділханұлы Қорғаныс минстрі, Марат Бекетаев Әділет министрі болып тағайындалды. 

 

О. Сансызбай