Жасұзақов Сәкен Әділханұлы ҚР қорғаныс министрі болып тағайындалды

Жасұзақов Сәкен Әділханұлы ҚР қорғаныс министрі болып тағайындалды
Фото: tengrinews.kz

Қорғаныс министрі болып Жасұзақов Сәкен Әділханұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

2016 жылы қыркүйектің 13-і Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Жасұзақов Сәкен Әділханұлы 1957 жылы қазанның 25-інде Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылында дүниеге келген. 

Алматы жоғары жалпы әскери командалық училешесін (1978), Мәскеу әскери академиясын (1990) бітірген. 1978 - 1987 жылдары Балтық бойы әскери округінде барлау взводы командирі, барлау ротасы командирі, жеке барлау батальоны штабы бастығы қызметтерін атқарған. 1990 - 1994 жылдары Алматы қаласындағы ауданның азаматтық қорғаныс штабы бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабының барлау бөлімінде аға офицер, барлау басқармасының ғылыми-ақпарат бөлімінің бастығы, 1994 - 1996 жылдары Ресей Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы, 1996 - 2000 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, шұғыл жоспарлау департаментінің бастығы, армиялық корпус командирінің орынбасары, штаб бастығы болып жұмыс жасады. 2000 жылдан әскери құрама командирі.

Ө. Сансызбай