Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қырғызстан Сейсмология институты мәліметінше, 20 тамызда Астана уақытымен сағат 22:09-да магнитудасы 3,2 болатын жерасты дүмпуі тіркелген.
Оның тереңдігі шамамен 20 шақырым, энергетикалық класы 8 болды. Жер сілкінісінің эпицентрдегі қарқыны шамамен 3 балл деп бағаланған.
Сейсмологтар Қырғызстан аумағында жер сілкінісі сезілмегенін хабарлады. Эпицентр екі елдің шекаралас аймағында орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова