Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді
Фото: Google Maps

20 тамызға қараған түні қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы мәлімдеді. Жедел ақпаратқа сәйкес 20 тамызда Астана уақытымен сағат 00:08-де Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелген.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Нарын облысындағы Көк-Жар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстан елді мекендерінде жер сілкінісінің күші былай сезілді:

  • Көк-Жар, Ақ-Қия ауылдарында шамамен 3,5 балл,
  • Ақ-Бұлақ, Қара-Кеше, Мың-Құс, Жаңа-Талап, Ұғыт, Қос-Бұлақ ауылдарында 3 балл.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget