Қазақстан аспанында белгі берген S7 Airlines ұшағы Омбыға қонды

Қазақстан аспанында белгі берген S7 Airlines ұшағы Омбыға қонды
Фото: depositphotos.com

Новосібір - Махачкала бағыты бойынша S7 7099 рейсін орындаған S7 Airlines әуекомпаниясының ұшағы Омбы әуежайына аман-есен қонды. Бортта 173 жолаушы болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Новосібірден Махачкалаға бет алған ұшақ Қазақстан аумағында ұшу кезінде апат жағдайындағы 7700 деген белгі бергені, осыдан кейін борт бағытын өзгерткені хабарланды. Дерекке сәйкес ұшақ Көкшетау маңында кері бұрылған.

Әуекомпания бұл шешімді техникалық ақау деп түсіндірді. Ал Көкшетау әуежайының баспасөз қызметі ұшақ экипажы қонуға рұқсат сұрамағанын хабарлады.

Flightradar24 мәліметі бойынша UTC уақытымен 08:08-де немесе Астана уақытымен 13:08-де ұшақ жерге қонған. Оның бағыты Махачкаладан Омбыға өзгертілген.

Сурет: Flightradar24.com

7700 коды - әуе кемесінің экипажы борттағы төтенше жағдай туралы диспетчерлерге хабарлайтын апат жағдайындағы белгі. Бұл код әуе кемесіне әуе қозғалысын басқару қызметтері тарапынан ерекше назар аудару қажет болған жағдайда қолданылады. Бұған техникалық ақаудан бастап, шұғыл шаралар қолдануды талап ететін басқа да жағдайлар себеп болуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget