Ресейлік ұшақ Қазақстан аспанында тосын белгі берген

Ресейлік ұшақ Қазақстан аспанында тосын белгі берген
Фото: depositphotos.com

S7 7099 рейсімен Новосібірден Махачкалаға бағыт алған S7 Airlines ұшағы Қазақстан аспанында апат белгісін берген. Flightradar мәліметінше, борт Көкшетау маңында кері бұрылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Flightradar24 дерегіне сүйенсек, Новосібірден Махачкалаға бет алған ұшақ Қазақстан аумағында ұшу кезінде апат жағдайындағы 7700 деген белгі берген.

Осыдан кейін борт бағытын өзгерткен. Сервис дерегіне сәйкес ұшақ Көкшетау маңында кері бұрылған.

Flightradar24.com

Толмачево әуежайының онлайн таблосы мәліметінше, ұшақ Новосібірден жергілікті уақытпен 13:20-да (Астана уақытымен 11:20-да) ұшып шыққан.

7700 коды - әуе кемесінің экипажы борттағы төтенше жағдай туралы диспетчерлерге хабарлайтын апат жағдайындағы белгі. Бұл код әуе кемесіне әуе қозғалысын басқару қызметтері тарапынан ерекше назар аудару қажет болған жағдайда қолданылады. Бұған техникалық ақаудан бастап, шұғыл шаралар қолдануды талап ететін басқа да жағдайлар себеп болуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget