Қазақстан АЭС салуға ақшаны қайдан алмақ?

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстандағы АЭС құрылысын қаржыландыруға қатысты сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, құрылыс бөліп төлеуге де жүзеге асырылуы мүмкін.

"Қазір кім, қандай елдер салатыны туралы шешім қабылданған жоқ. Тиісінше, қалай қаржыландырылатыны туралы түсінік жоқ. Мен АЭС құрылысын қаржыландырудың бір нұсқасы оны бөліп төлеу екенін білемін.

Оны салатын компания төлемді кейінге шегере алады. Тиісінше, қаржыландыру үшін қаражат қажет болмауы мүмкін. Бірақ қазір мұны нақты айта алмаймыз, өйткені тіпті кім салатыны туралы түсінік жоқ", – деді Қасенов Сенатта өткен брифингте.

Еске салайық, 6 қазанда Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдум өткен болатын. Оның нәтижесі бойынша, 5 миллион 561 мың 937 қазақстандықтар немесе дауыс берушілердің 71,12 пайызы қолдады. 

Осылайша, референдум өтті деп саналады.

АЭС Алматыдан 4 сағаттық жолда Үлкен ауылында салынуы мүмкін. 1700 ғана адам тұратын бұл ауылдың көрінісі қандай? Мұнда АЭС салынса, өмір қалай өзгереді? Тұрғындар бұл туралы не дейді? Неге бір кездері зор үміт күттірген ауыл "елес мекеніне" айналып бара жатыр? Massaget.kz тілшісі бұл мекенге арнайы барып қайтқан болатын. 

Зор үміт, кішкентай ауыл: АЭС салынуы мүмкін Үлкеннің жағдайы қандай?

Үлкен ауылы Алматыдан небәрі 400 шақырым жерде орналасқан. Бұл жер о баста 1989 жылы Балқаш маңында арнайы ГРЭС үшін салынған. Болашақта бұл мекенде ЖЭС тұрғызылады деп жоспарланған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!