Қазақша сөйлемегені үшін виза алмады: АҚШ консулдығы пікір білдірді

АҚШ елшілігіне виза алуға барып, орысша сөйлеген қазаққа виза берілмегені туралы ақпарат тарады. Америкаға виза алу үшін қай тілде сөйлеу керек? Орысша сөйлеген қазақтарға шынымен виза берілмеуі мүмкін бе? Ағылшын тілін меңгермегендер қай тілде сөйлеуі керек? Жалпы виза алу үшін не істеу керек? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. 

Желіде АҚШ-қа бару үшін виза алғысы келген қазақтың орысша сөйлегені, қазақ тілін білмегені үшін оған америкалық консулдың виза беруден бас тартқаны туралы видео тарады. 

"Қазақша сөйлемегені үшін АҚШ-қа виза ала алмай қалды. АҚШ елшілігіне виза алуға барып, орысша сөйлеген қазаққа америкалық консул "неге қазақша сөйлемейсің?" деп виза беруден бас тартқан", - деп жазылған.

@masqara2030 ⚡️Қазақша сөйлемегені үшін АҚШ-қа виза ала алмай қалды АҚШ елшілігіне виза алуға барып орысша сөйлеген қазаққа американдық консул “неге қазақша сөйлемейсің” деп виза беруден бас тартқан ? #masqara #масқара #қазақстан #назарбаев #коррупция #диктатор #кантар2022 #новыйказахстан #нурсултанназарбаев #ащышындық #казахстан?? #депутат #қасымжомарттоқаев?? #қазақтілі #сша?? ♬ Sing Me to Sleep (Instrumental) - Alan Walker

Massaget.kz тілшісі бұған қатысты АҚШ Бас консулдығына сауал жолдады. 

"Сұхбаттың қай тілде өткені консулдық қызметкердің шешіміне әсер етпейді. Виза алушы сұхбатты ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде өткізе алады. Консулдық қызметкерлері әрбір визалық өтінішті жеке талаптарына сай қарастырады. Былтыр берілген виза саны болса бұған дейінгі көрсеткіштен асып түсті", - деп жауап берді АҚШ-тың бас консулдығының баспасөз қызметі өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-қа виза алу үшін не істеу керегі айтылған мақала жарияланған еді. 

Сіздің виза алуыңызға көмектесетін екі мекеме бар: елшілік - Embassy / консулдық - Consulate. Арнайы мекемелерге заңды құжаттарыңызды ұсынуыңыз керек. Соның ішінде маңыздысы - сізге шетелге шығуға мүмкіндік беретін паспортыңыз. Сонымен қатар, өзіңіздік қаржылық жағдайыңызды растауға тура келеді. Керекті ақпаратты тіркеу арқылы арнайы сауалнаманы толтырасыз - Application form.

Келесі кезең - Interview. Консулмен тілдесу барысында өзіңізді еркін ұстаңыз. Сұрақтарға нақты жауап беріңіз. Ойыңызды ашық жеткізіңіз және мақсатыңыз айқын көрсетіңіз. Өйткені тілдесу - виза алудың соңғы кезеңі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Шенген визасымен қай елдерге баруға болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!