Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / АҚШ-қа виза алу үшін не істеу керек?

АҚШ-қа виза алу үшін не істеу керек?

АҚШ-қа виза алу үшін не істеу керек?

Құжаттар, виза және қаражат. Саяхаттау немесе оқумен шетелге сапар шегу кезінде осы үш нәрсе сіздің ең жақын достарыңызға айналады. АҚШ-қа бару ойыңызда бар ма? Бірақ, визаны қалай алу керектігін білмейсіз бе? Онда мына кеңестерді бір шолып шыққаныңыз абзал.

Сіздің виза алуыңызға көмектесетін екі мекеме бар: елшілік – Embassy / консулдық – Consulate. Арнайы мекемелерге заңды құжаттарыңызды ұсынуыңыз керек. Соның ішінде маңыздысы – сізге шетелге шығуға мүмкіндік беретін паспортыңыз. Сонымен қатар, өзіңіздік қаржылық жағдайыңызды растауға тура келеді. Керекті ақпаратты тіркеу арқылы арнайы сауалнаманы толтырасыз – Application form.

Сауалнаманы толтыру барысында мұқият, шынайы, әділ болыңыз. Аты-жөніңіз, өзге де ақпаратты дәл беруге тырысыңыз.  

Келесі кезең – Interview. Консулмен тілдесу барысында өзіңізді еркін ұстаңыз. Сұрақтарға нақты жауап беріңіз. Ойыңызды ашық жеткізіңіз және мақсатыңыз айқын көрсетіңіз. Өйткені, тілдесу виза алудың соңғы кезеңі.

Виза офицері сұрақтардың барлығын арнайы шаблон бойынша қояды. Яғни, осы уақытқа дейін қойылып жүрген бірнеше сұрақтың ішіндегі аздаған бөлігі кездесуі мүмкін. Алдын-ала дайындықты күшейтуге кеңес береміз:

Why do you want to travel to the USA?
Why do you want to visit at this time?
How long will you stay in the US?
Why do you want a 6-month visa? Can`t you finish your trip in a shorter time?
Where will you stay in the USA?
How much do you expect the trip to cost?
Have you ever been abroad? Where and why?
Do you work or study? Where and how long? Do you like your job/study?
How do you like today`s weather?
How did you get to the embassy?

Сұрақтарға жауап беруіңіз бен құжаттарыңызды тексергеннен соң ғана, сізге виза береді. Егер жолыңыз болып, виза алсаңыз, сәтті саяхаттауға тілектеспіз.

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: sputnik-georgia.ru
Қосылған күні: 29 сәуір, 17:38
Тегтер: саяхат, АҚШ, виза,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.