Қазақ шенеуніктерінің киімі қанша тұрады?

Қазақ шенеуніктерінің киімі қанша тұрады?

Жақында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қымбат кардиганы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Massaget.kz тілшісі бренд киімдеріне әуес қазақстандық шенеуніктер туралы қызық деректер жинады.

Шетел брендтерін ұнататын шенеуніктердің көш басын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастағанды жөн көрдік. Ол Instagram-парақшасында қызыл күртемен түскен суретін жариялады. Бұл - CANADA GOOSE күртесі. Интернет-дүкендерде бұл күрте 1 175 еуроға, теңгеге шаққанда 570 мың теңгеге сатылады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов қымбат сағаттарды ұнататынын байқауға болады. Бұған дейін Желіде оның сағаты талқыланған болатын.  Сағат құны - 383 доллар, теңгеге шаққанда - 183 мың теңге

Алматы әкімі Ерболат Досаев та әдемі киінгенді ұнатады. Желіде әкімнің бірнеше миллион тұратын күртесі талқыға түскен болатын. Ақпанда суреттегі күрте 2 миллион 200 мың теңге тұрса, қазір бағасы - 3 миллион 500 мың теңге. Әкім брифингте қымбат күртесіне байланысты "Кедей емеспін, сатып ала аламын", - деп жауап берген еді. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Еуропа қайта құру және даму банкімен меморандумға қол қойған кезде Saint Laurent-нің блейзерін киген. Оның құны - 2 374 доллар, теңгеге шаққанда 1 миллион 136 мың 674

Бұл қатарды "Самрұқ-Қазына" АҚ төрағасы Алмасадам Сәтқалиев те толықтырды. Бұл туралы "Пояснишь за шмот?" Telegram-арнасында жарияланған. Оның суреттегі жейдесі FARFETCH дүкенінде 20 пайыз жеңілдікпен 1013 доллар, теңгеге шаққанда 485 мың. Қазір FARFETCH дүкенінде бұл жейде сатылымда жоқ. Snik дүкенінде 72 155 рубль, теңгеге шаққанда 560 491 теңге. 

Қымбат сағаттарға әуес тек Әлихан Смайылов емес екен. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та әлемдегі қымбат сағат брендін таңдаған. Суреттегі сағат - Rolex, құны - 4-10 миллион теңге

Желіде қызу талқыланғаннан кейін өңір басшысының баспасөз қызметі өкілдері сағат бренді Rolex Datejust екенін, Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін кәсіпкер болғанын, сағат бұрын сатып алынғанын айтқан еді.

С. Бөлек