"Кедей емеспін". Алматы әкімі 2,2 миллион теңгенің күртесін қалай сатып алғанын айтты

"Кедей емеспін". Алматы әкімі 2,2 миллион теңгенің күртесін қалай сатып алғанын айтты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Ерболат Досаев 2,2 миллион теңге тұратын күртесі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz

Досаев Алматы әкімі болып тағайындалғаннан кейін оның күрткесі Желіде қызу талқыланған. Қазнетте тараған суретте Досаев Loro Piana брендінің 2,2 миллион теңге тұратын күртесін киіп түскен. 

Фото: shock_krg/Instagram

Журналист әкімдік сайтындағы өмірбаян бойынша Досаев 1998 жылдан бері мемлекеттік қызметте екенін айтып, қымбат күртені қалай сатып алғанын сұрады. 

"Өмірбаянымды толық оқымаған екенсіз. 2006-2012 жылдар арасында бизнеске оралғанмын. Сол уақыттарда тиісті табысым, кәсіпорындарда тиісті үлесім болды. Бизнеспен белсенді айналыстым. 2012 жылы қыркүйекте министр болып, саясатқа оралдым. Декларацияланған табысым бар, барлық салығы төленген. Бәрі айтып жүрген күртені сатып алуға шамам жетеді. Біріншіден, ол Loro Piana емес. Мен оны бес жыл бұрын сатып алғанмын. Ер адамдар сіздер секілді маусым сайын ауыстырмайды. Жарыма солай айтамын. Ер адам өзіне қолайлы киімді киеді. Сондықтан, менің айтпағым - мен кедей емеспін. Қандай да бір істермен айналыспаймын, кейінгі бес айда көп адам маған көз тігіп отырғанын білемін. Өзіме күрте сатып алуға шамам жетеді. Қазіргі жұмысымда іскерлік костюмнен бөлек басқа ешнәрсе керек емес. Себебі жұмыс күні өзгеріп кетті. Уақытымды үйге қарағанда, жұмыста көп өткіземін", - деді Досаев. 

Е. Төлеш