- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қайыр болмай тұр":...
"Қайыр болмай тұр": танымал журналист блогерден қызы бар Сәтбаев тұрғыны туралы айтты
Біраз уақыт бұрын Сәтбаев тұрғыны танымал блогер Дархан Жолшыбековтен қызы барын айтқан еді. Журналист Руслан Өтепбай бұл іс қазір қалай өрбігенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ардақты ағайын, әзірге блогерден қайыр болмай тұр. Ал Айдана қызын емдету керек. Айына алатын 30 мың алимент қай жыртығын жамасын? Бес жасар Айша келесі жылы оқуға бару үшін анасы күнделікті қызын емнен қалдырмауы тиіс. Ал оның барлығы айналып келгенде қаражатты талап еді. Жекеге келген хаттарды оқып отырсам, біраз оқырман Айданаға көмектесейік деген патша пейілін білдірген екен", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қала тұрғыны өз мәселесін айтып, "Көреміз" бағдарламасына жүгінген еді. Айдана Сапарбекованың сөзінше, осыдан 5 жыл бұрын кәсіпкер, блогер Дархан Жолшыбековпен көңіл жарастырған, бүгінде оның 5 жастағы қызын тәрбиелеп отыр.
Бірақ миллионер блогер 8 айдан бері тұңғышына тек 15 365 теңге көлемінде алимент төлейді екен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова