"Алдырып таста" деді". Сәтбаев тұрғыны танымал блогер Дархан Жолшыбековтен қызы барын айтты

"Алдырып таста" деді". Сәтбаев тұрғыны танымал блогер Дархан Жолшыбековтен қызы барын айтты
Фото: "Көреміз" бағдарламасынан алынған кадр

Сәтбаев қаласының тұрғыны Айдана Сапарбекова танымал блогер Дархан Жолшыбековтен баласы барын айтады. Ол өз мәселесін айтып,  "Көреміз" бағдарламасына жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айдана Сапарбекованың сөзінше, осыдан 5 жыл бұрын кәсіпкер Дархан Жолшыбековпен көңіл жарастырған, бүгінде оның 5 жастағы қызын тәрбиелеп отыр. Бірақ миллионер блогер 8 айдан бері тұңғышына тек 15 365 теңге көлемінде алимент төлейді екен.

"Даяшы болып жүрген жерімнен таныстым"

Айдана бағдарлама барысында Дарханмен қалай танысқанын да айтты.

"Бір кафеде даяшы болып жұмыс істедім. Сол жерге келген. Сол жерден бастап таныстық. Мені жұмыстан алып кететін, апарып тастайтын. 2017-де. 2017 жылдың ортасында Тараздан кетіп қалдым. Таразда жүріп жүрген кезде "үйленемін" деп жүрді. Мамасымен таныстым, телефон арқылы ғана. Ағасымен былай кездесіп таныстым. "Үйленемін, аяғың ауыр болады" деп сөйтіп жүрген", - дейді ол.

"Көреміз" бағдарламасынан алынған кадр

"Алдырып таста" деді"

Бағдарлама мәліметінше, олар төрт ай кездесіп, екіге кеткен. Ал Айдана аяқасты жүкті екенін біледі. Осылайша, Дарханға хабарласқан.

"Өзіне аяғым ауыр екенін ескерттім. "Алдырып таста" деді. Тоғыз ай бойы осы жақта жүргенде ешкімге айтқан жоқпын. Ешкім аяғым ауыр екенін білген жоқ. Туатын күнге бір күн қалған кезде үйдегілерге айттым", - дейді Айдана.

"Жұмыс істемеймін" деп 15 мың алимент төлейді"

2020 жылы блогер Дархан Жолшыбек Дарикорн лақапатымен танымал блогер, әншімен отау құрды. Бүгінде олардың отбасы көпшілікке таныс.

Ал Айдана қазір қызын өзі асырап отыр. 8 ай бұрын ол алимент алу үшін Дарханды сотқа берген. Бала мен Дарханнан ДНҚ сынамасы алынған. Сілекей сынамасының қорытындысы бойынша бала блогерден екені дәлелденген.

Айдананың әпкесі Сымбат Сапарбекова алиментті көбейтуді сұрап отыр. Өйткені кішкентай балақай әлі сөйлемейді екен. Ол блогерді қалай сотқа бергендерін айтты.

"Әкеміз қарсы болды. "Тегін де алмаймыз" деді. Сегіз ай бұрын ғана әкеміз рұқсатын берді. Сосын "алимент төлесін, тегін берсін" деп сотқа жүгіндік. Сол кезде тегін берді. "Жұмыс істемеймін" ең төменгі айлығым 60 мың деп, қызға 15 263 теңге ме сондай алимент төлейді", - дейді Айдананың әпкесі Сымбат Сапарбекова.

"Бір бөлмелі үй беремін" деді"

Ал Айдананың сөзінше, босанғаннан кейін Дархан өзі хабарласқан, қыз бір жасқа келгенше олар сөйлесіп тұрған. 

"Келемін" деді. "Көмектесемін" деді. "Тегімді беремін" деді. Мойындады (баланы - еск.)", - дейді ол.

Ал сот барысында Дархан Айданаға "бір бөлмелі үй беремін" деген. Бірақ блогердің өзіндік шарты болған.

"Сен мені бүкіл жерден жоқ қылып тастайсың, мені іздемейсің, әлеуметтік желіге менің қызым екенін салмайсың" деді. "Бәрінен бас тартасың" деді. Мен қарсы болдым", - дейді Айдана.

"Көреміз" бағдарламасы блогерді де эфирге шақырған. Дархан редакцияға келсе де, сұхбат беруге келіспеген.

Енді Айдана Дарханнан қызының еміне көмек сұрайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова