Қайрат Нұртас тойларға шығуы үшін қанша алатыны және ең қымбат көзілдірігі қанша тұратыны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Fatbelly Show-ға берген сұхбатында айтқан. Қайрат Нұртастың айтуынша, баға әр кезде әртүрлі болады.
"Әр кезде, әрқалай. Мен өтірік айта алмаймын. Мысалы, концерт алғанда, концертке барғанда 10-15 мың доллар", - дейді Қайрат Нұртас.
Дегенмен, әнші мәселе ақшада емес екенін де айтады.
"Ең бастысы, қарақан бастарыңды ойламаңдар. Нәсіп етіп беріп қойды ма, оны қызғанбай жан-жақтағыларыңа беріңдер. Әкеңе, шешеңе, бауырларыңа", - дейді әнші.
Сондай-ақ, әнші ең қымбат көзілдірігі қанша тұратынын да айтты. Оның айтуынша, ең қымбаты 3 мың доллар тұрады. Бұл теңгеге шаққанда 1 миллион теңгеден асады.
Еске салайық, бұған дейін әнші жаңа фильм түсіруге дайындалып жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!