"Америка маған келсін". Қайрат Нұртас жаңа фильм түсіреді

"Америка маған келсін". Қайрат Нұртас жаңа фильм түсіреді
Фото: Fatbelly Show/видео кадры

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас жақында жаңа фильм түсіреді. Бұл туралы ол Fatbelly Show-ға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, жаңа фильмі өзі туралы болады.

"Келесіде Қайрат Нұртас емес кәдімгі, таза өмірдегі Қайрат Айдарбеков болып ойнағым келеді. Жақын арада, осы бір жарты жылдың төңірегінде Құдай қаласа, сол киноны түсіреміз. Дайынмын", - дейді Қайрат.

Ол фильмде өмірдегі Қайратты көрсеткісі келетінін айтты. Әншінің айтуынша, халықтың алдына шыққанда өзгеріс болады.

"Мен негізі, халықтың алдына келген кезде, өзімнен өзім өзгере кетемін. Ал өмірде мен өте қызық адаммын, ойнаймын, күлемін, сөйлеймін", - дейді әнші.

Сондай-ақ, Қайрат Нұртас "голливудтық фильмге түскіңіз келе ме? Америкаға барып, фильмге түсу ойыңызда жоқ па" деген сұраққа "Америка маған келсін" деп қысқа жауап берді.

Еске сала кетейік, әнші Қайрат Нұртас бұған дейін бірнеше фильм түсірген болатын. Кейінгі жылдары "Арман. Когда ангелы спят", "Өкініш" атты фильмдерінің үзінділері Желіде қайта тарала бастады. 

"Сорпа ішейік, сорпа ішсей сен. Мен, бірақ, азанда ішіп алғанмын", "Бала кезде айтуыш едік қой, сағат тілі тоқтаса да, жүрегің мәңгі тоқтамасын", "Менің басым тауықтың жұмыртқасы ма еді? Қорадан теріп алатын", "Қайда кетті олар, бауыздаймын қазір. Қайда кетті олар", - деген үзінділер әлеуметтік желілерде қайта таралды.

Бұған қатысты: "Он жыл бұрын түсіріп тастағанмын, енді танымал болып жатыр", - дейді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан