- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қатерлі ісіктің мына...
Қатерлі ісіктің мына 5 белгісін суық тиюдің симптомымен шатастырып алуыңыз мүмкін
Суық мезгілде адамдар ЖРВИ-мен жиі ауырады. Proton Тherapy UK онкологиялық орталығының медициналық директоры Джири Кубес суық тию белгілеріне сақтықпен қарау керек екенін ескертті, өйткені кейде олар қатерлі ісік белгілері болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, мысалы, бас және мойын қатерлі ісігі жедел вирустық респираторлық инфекциялардан зардап шегетін аймақтарға, яғни ауыз, мұрын және тамаққа әсер етеді.
Мына 5 симптомға назар аудару керек.
Тамақ ауруы. Тамақтың тұрақты түрде ауыруы - тамақ қатерлі ісігінің ең көп таралған белгісінің бірі. Сондай-ақ, онкологияның бұл түрі жөтел, дауыстың өзгеруі, құлақтың ауыруы және жұтылу қиындықтары сияқты белгі береді.
Мойындағы лимфа түйіндерінің қабынуы. Егер ол екі аптадан ұзақ уақыт бойы қабынса, онда қан қатерлі ісігі (лейкемия) немесе лимфа жүйесі (лимфома) болуы мүмкін.
Ауыздағы жаралар. Бұл ауыз қуысының қатерлі ісігінің ең көп таралған белгісі. Сонымен қатар, салмақ жоғалту, сөйлеу кезіндегі мәселе, ауыздың ауыруы және жағымсыз иіс те болуы мүмкін.
Құлақтың бітелуі. Суық тиюдің жиі кездесетін бұл белгісі сирек кездесетін қатерлі ісік, мұрын-жұтқыншақ карциномасын көрсетуі мүмкін. Бұдан бөлек, құлақтың ауыруы, лимфа түйіндерінің ісінуі және мұрыннан қан кетуі мүмкін.
Дауыстың қарлығуы. Егер дауыстың қарлыққанына үш аптадан асып кетсе, бұл көмей қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін бас пен мойын қатерлі ісігінің 6 белгісі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Танатофобия деген не?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә