Бас пен мойын қатерлі ісігінің 6 белгісі

Бас пен мойын қатерлі ісігінің 6 белгісі
Фото: ru.freepik.com

Бас пен мойын қатерлі ісігі – көмекей, жұтқыншақ, мұрын немесе оның қуысы, ауыз қуысы немесе оларды қоршап тұрған тіндерден түзілетін жаңатүзілімдер тобын біріктіретін түсінік. Статистика бойынша, әлемде ауру-сырқау тізімінде бас және мойын қатерлі ісігі 6-шы орынды тұр. Ол сондай-ақ топ-5 ең қауіпті қатерлі ісіктер тізіміне кіреді. Doctorpiter порталына Напалкова атындағы петербор онкологиялық орталығының мамандары бас пен мойын қатерлі ісігінің 5 белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Онкологиялық орталық мамандарының айтуынша, бұл қауіпті аурудың ең негізгі проблемасы – қатерлі ісіктердің агрессивтілігі емес, оның кеш анықталуы. Бас пен мойын қатерлі ісігі жиі көзге көрінетін қатерлі ісікке жатса да, 60%-дан аса науқас дәрігерге оның соңғы кезеңінде келеді. Басқа қатерлі ісік түрлері секілді бұл аурудың да бастапқы кезеңінде айқын белгілер бола бермейді. Десе де, дәрігерлер мына белгілерге аса мән беру керегін айтады:

  1. Тамақта тас тұрғандай сезім;
  2. Жұтыну кезінде ауырсыну;
  3. Тілдің ауыруы;
  4. Дауыстың өзгеруі;
  5. Ұзақ уақыт бойы жазылмай тұрған ауыздағы жаралар;
  6. Үнемі мұрынның бітеліп тұруы.

Егер бұл белгілердің біреуі болсын үш аптадан артық сақталса, онкологтар бірден дәрігерге көрінуді ұсынады.

Бас пен ми қатерлі ісігінің алдын алу үшін не істеу керек?

  • Папиллома вирусынан екпе салдыру;
  • Спортпен айналысу;
  • Күннің астында ұзақ жүрмеу;
  • Спирттік сусындарды шектеу;
  • Темекіні тастау.

Қазақстанда әйелдер қатерлі ісіктің қандай түрлеріне жиі шалдығады? Мына жерден оқыңыз.

А. Жапатова