"Кәсіпорын басшылығы кінәлі". Премьер-министр Костенко шахтасындағы апат туралы

"Кәсіпорын басшылығы кінәлі". Премьер-министр Костенко шахтасындағы апат туралы
Фото: Қарағанды облысының ТЖ

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы апатқа кәсіпорын басшылығы кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы кеншілердің қазасына байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

"Осындай апат биыл тамызда да болған. Ол кезде 5 кенші қаза тапты. Көптеген адам өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптары сақталмауына тікелей байланысты. Бұл - бірінші кезекте кәсіпорын басшылығының кінәсі", - деді ол Үкімет отырысында.

Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Бүгін Сырым Шәріпханов соңғы кеншінің денесі табылғанын айтты. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Аяз Есен 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz