Сегіз жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасына кесілген қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев әлі де тергеу изоляторында отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлімдеді.
"Жоқ, ол (Боранбаев - еск.) тергеу изоляторында", - деді Аюбаев.
ҚАЖК төрағасының орынбасарының айтуынша, кәсіпкер қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне ауыстырылмаған, өйткені оның қорғаушысы сот үкіміне апелляциялық шағым түсірген.
Айта кетейік, прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Кейінірек Қайрат Боранбаев қанша жылға сотталғаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін сотта Боранбаевтың қандай мүлкі тәркіленетіні айтылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!