Каспий теңізінде екі бірдей жер сілкінісі тіркелді

Каспий теңізінде екі бірдей жер сілкінісі тіркелді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Каспий теңізінде екі бірдей жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді. Деректер Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығында жарияланды.

Мамандардың айтуынша, 3.1 балдық бірінші жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні сағат 02:02-де тіркелген. Екінші рет сағат 11:39-да тіркелді.

Екі эпицентр де 68 шақырым тереңдікте болды.

Еске салайық, бұған дейін де Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болғаны хабарланды.

"Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 669 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпуі сезілмеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова