- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жер сілкінісі Қазақстан
Қазақстанға жақын маңда жер сілкінісі болды
Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 қазанда сағат 01:32-де жер сілкінісі тіркелді.
"Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 669 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпуі сезілмеді.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Жер сілкінісі кезінде істеу қажет 10 қарапайым қадам бар:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкінуі кезінде лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жер табыңыз, жоғары қабаттарда іргедегі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңіз болса өшіріңіз;
- Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілеріне, ғимарат, ағаштарға жақындамаңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Бұған дейін Алматыда ірі жер сілкінісі қашан болды?
Алматы тұрғындары 2024 жылы 23 қаңтарда жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.
Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.
Еске салайық, бұған дейін белгілі профессор Әлқуат Нұрмағамбетовпен сұхбаттасып, Алматыдағы жер сілкіністерінің ғылыми негізі туралы сұраған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова