- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қашқын генерал Күдебаевтың...
Қашқын генерал Күдебаевтың тауда жеке шаруашылығы бар - ҰҚК
ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қашқын генерал Серік Күдебаевқа қатысты іс бойынша жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметі әлі де оның Қырғызстанмен мемлекеттік шекарадан өтуі мүмкін жерді іздеп жатыр. Алдажұманов Сенат кулуарында оған жақсы жолсеріктер көмектескен болуы мүмкін екенін жеткізді.
"Болжам бар және тауға кетті делік. Жұмыс жалғасып жатыр. Түсінесіздер ғой, тау жотасы 672 шақырым болады. Оның өзі туған жерде - тауға жақын елді мекенде шаруа қожалығы бар. Жақсы жолсеріктер болуы да мүмкін. Біз тау арқылы шығатын нұсқаны қарастырып жатырмыз", - деп түсіндірді Алдажұманов.
Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді.
Генерал Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі
Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Сондай-ақ, оның жұмыс істеп тұрған шекара бекеттерінен өтпегені хабарланды.
Кейінірек ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаев Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуі мүмкін жерді іздестіріп жатқаны белгілі болды. Ал БАҚ-та "генерал Солтүстік Кипрде жүр" деген ақпарат та тараған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова