Актер, ақын Рамазан Амантай Massaget.kz студиясына келіп, тілші қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Еркош лақап атымен отандық кинода төбе көрсетіп танылған Рамазан Амантай ақындықтан бөлек қазір продюсерлік етіп жүргенін жеткізді. Тіпті өзінің алғашқы "Әкеге апарар жол" фильмін түсіру үшін қомақты қаржыны қарызға алғанын да жасырмады.
Киноны қатты сағындым
"Осы жыл мен үшін кино жылы болды. Себебі 5 жылдан астам уақытты әнге сөз жазуға жұмсаған екенмін. Өткен жылды өзімнің жеке кешіммен тәмәмдадым. Ескі әдет демекші киноны өзім қатты сағынып жүрдім, тіпті аңсап, армандап жүрдім. Қазіргі уақытта жеті толықметрлі кинода басты рөлді сомдап шықтым. Осы жылы күз айы қазақ киногерлерінің майданы болайын деп тұр. Менің жеке алғашқы кино туындым үшін қатты уайымдаймын",- дейді актер.
Қарызға 100 милиионнан аса ақша алдым
"Қатты уайымымның бірі ол ақша ақталса екен. Себебі менің жеке өзімнің ақшам емес арнайы инвестордан ақша алып түсірдім. Қарызға алған ақша 100 миллионнан асады. Сондықтан бірінші алған ақшаны орнына қою парызым. Менің өзімнің ақшам болса, касса үшін уайымдамас едім. Кассаның ақталғаны көрерменге ұнағаны, көрерменге ұнағаны ол ыстық ықылас және табыс екені сөзсіз", - дейді ол.
Ең көп гонарар иесі – Дариға Бадықова
"Енді дөп басып айтпай-ақ қояйын, дегенмен әр өнерпаз өзіне тиесілі сумманы алды. Киноны түсіруде арнайы Ресейден актер алдырдық. Ол өнер иесіне де аз ақша төлеген жоқпыз. Сондықтан нақты төленген қаржы құпия түрде қалсын",- дейді актер.
Кинодағы алғашқы табысым 150.000 мың теңге
"Киноға алғаш түсіп бастаған кездегі гонарарым 150.000 мың теңге. Қазір шамамен айтайын 10 миллионға жуықтайды бірақ 5 миллионнан көп. Мен жақсы гонарарды қазір алып отырмын. Кино әлемінде жүргеніме Айналайын сариалынан бастап 13 жыл болыпты. Қомақты қаржыны сомдаған рөлім үшін енді алып жатырмын шыны керек. Лайықтымын деп ойлаймын. Ал өзімнің жеке киномды таспалауға кеткен шығын 150 миллион теңге. Себебі киноны Қазақстанның екі қаласында түсірдік. Алматы және Ақтау қаласында. Оқиға жақсы өрбиді. Оны кино экранға шыққанда көресіздер",-дейді Рамазан Амантай (күліп).
Айта кетейік, актер Рамазан Амантай дәл осы "Әкеге апарар жол" кинокартинасына ат салысқан барша құрамды БАӘ, Дубай қаласына өз атынан тегін жолдамамен жіберетінін айтқан еді. Ол туралы осы жерден өтіп оқи аласыз. Рамазан Амантайдың алғаш продюсерлік еткен жобасы қалың көрерменге осы жылдың қыркүйек айында жол тартпақ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!