"Қазақстандағы бірде-бір кинопродюсер жасамаған". Актер Рамазан Амантай қандай тәуекелге барды?

"Қазақстандағы бірде-бір кинопродюсер жасамаған". Актер Рамазан Амантай қандай тәуекелге барды?
Фото: Әлеуметтік желі

Актер, ақын Рамазан Амантай БАӘ астанасы Абу-Даби қаласына баруға кімге билет сыйлағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Халық арасында "Перкош" атанып кеткен Рамазан Амантай өзінің алғашқы туындысы "Әкеге апарар жол" фильмін таспалаған еді. Драма, комедия жанрында түсірілген кинода Рамазан өзі басты рольді сомдайды. Сондай-ақ, фильмде Дариға Бадықова, Қылышбек Қасымбеков, Дәулет Исраил сынды өнер жұлдыздары төбе көрсетеді.

Түсірілімге қол ұшын созған барлық жанға актер Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласына 3 күнге саяхатқа өз атынан жолдама ұйымдастырған. Ол туралы кинодағы әріптесі Дариға Бадықова Instagram- парақшасына жариялады. 

"Осында отырған барлық группа, одан өзге әншілер де бар. "Әкеге апарар жол" киносының прьемерасына қатысып келесі күні 3 күнге Абу-Дабиге менің атымнан демалыс", - дейді актер видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дариға Бадыкова (@dariga_badykova)

Ал актриса Дариға Бадықова бұл Қазақстандағы бірде-бір кинопродюсерлер жасамаған іс екенін айтты. Өз кезегінде Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдырған. 

"Кең болсаң, кем болмайсын", "Керемет көңілі ақ екені көрініп тұр", "Арықтар қатты, толықтар кең пейілді болып келеді ғой" , "Өзім баратындай қуанып жатырмын" , "Артық ақшасы болып тұр ғой", - деп жазған олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы