- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарапайым үй тазалау...
Қарапайым үй тазалау кезінде қанша калория жағатыныңызды білесіз бе? Тексеріңіз!
Фото:
rawpixel.com / Freepik
Үйді мұқият тазалау тек тазалықты сақтауға емес, артық салмақтан құтылуға да көмектеседі. Америкалық спорт колледжінің маманы күнделікті үй тірліктерін істеу кезінде қанша калория жағылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үй тазалау кезінде жұмсайтын энергияның нақты мөлшері жас, жыныс және дене секілді факторларға байланысты. Бірақ орташа есеппен салмағы 77 келі ересек адам 15 минут ішінде жағатын калория мөлшері мынадай:
- Кір жуғыш машинаға киім салу немесе жуылған киімдерді ілу кезінде - 41 калория;
- Үйдегі заттардың шаңын сүрту немесе тазалау кезінде - 47 калория;
- Кілем бетін шаңсорғышпен тазалау, тамақ дайындау немесе ыдыс жуу кезінде - 67 калория;
- Терезені мұқият жуу немесе көлікжайды тазалау - 71 калория;
- Қоршауды бояу - 91 калория;
- Заттардың орнын ауыстыру немесе қораптарды тасымалдау - 118 калория.
Салыстыру үшін, ересек адам 15 минут жүгірген кезде 142 калориядан құтылады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қадір түні не істеуге болмайды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә