- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыдағы шахтадағы жарылыстан...
Қарағандыдағы шахтадағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Қарағандыдағы Костенко шахтасында болған өрттен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаларға 18 адам жеткізілген. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Барлық қажетті маманмен консилиум өткізілген.
"15 адам Оңтүстік-Шығыстағы Х. Ж. Мақажанов клиникасына көміртегі тотығымен улану, біреуінде ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен улану, қалғандарында жеңіл және орташа дәрежеде улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды; екеуі Михайловкадағы Х.Ж. Мақажанов клиникасында: біреуі реанимацияда ауыр жағдайда, екіншісі операциядан кейін травматология бөлімінде", - делінген жауапта.
Стационарға 17 адам ауруханаға жатқызылды, бір адам амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді.
Еске салайық, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 21-ге жетті.
ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Бас Прокуратура Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке қатысты соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Енді "АрселорМитталТеміртау" Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
"Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.
Сондай-ақ, Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек