Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті Нұрболат Дәкебаев заң алдында жауап беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әкімшілік тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді Игорь Лепеха Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.
Ер адам ұсталып, 2 айға қамауға алынды.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!