- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыда жедел жәрдем...
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті қалай жазалануы мүмкін? ІІМ түсінік берді
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті Нұрболат Дәкебаев заң алдында жауап беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әкімшілік тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді Игорь Лепеха Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.
Ер адам ұсталып, 2 айға қамауға алынды.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz