Қарағандыда әйел жұмбақ жағдайда көлік ішінен өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысы Полиция департаменті мәліметінше, 22 сәуірде Төлепов көшесі бойындағы көлік салонынан пышақ жарақаты бар 34 жастағы әйелдің денесі табылған.
Бұл дерекке қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді өңір полициясы.
Еске салайық, бұған дейін Ақсуда әйел жантүршігерлік жағдайда өлі табылған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!