Ақсуда әйел жантүршігерлік жағдайда өлі табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі мәліметке сүйенсек, Павлодар облысында ферроқорытпа зауытынан Ақсу қаласы бағытына қарай шамамен үш шақырым жерде әйелдің мәйіті табылған.
"Алдын ала мәлімет бойынша ол зорланған болуы мүмкін, сондай-ақ, денесін өртеп жібермек болған белгілер бар", - деп жазылған тараған ақпаратта.
Павлодар облысы Полиция департаменті мәліметінше, Ақсу қаласында әйелді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова