Азаматтық авиаци комитеті Қарағанды облысындағы ұшақ апатынан қаза тапқан пилот туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Авиациялық оқу-жаттығу орталығы" ЖШС-нің әуе кемесі апатынан 1 097 сағат ұшқан әуе кемесінің командирі (ұшқыш-нұсқаушы), Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты қаза тапты. Пилоттың 2019 жылғы 28 қарашада берілген CPL (A) №000012 сертификаты болған.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның Авиация әкімшілігі ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
ҚР Авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF апатына байланысты Операциялық орталықтың шұғыл отырысын өткізді.
Операциялық орталық AAK апаттық жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігі мәселелерін талқылады және тергеуге құжаттарды дайындады.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпағанын хабарлаған едік.
Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты.
Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!