Қарағанды ​​облысында ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Қарағанды ​​облысында ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
Фото: pixabay.com

Қарағанды ​​облысында ұшақ апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 30 қыркүйекте Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпады.

Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты.

Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан