Қарағанды облысындағы ұшақ апатының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болды.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпағанын хабарлаған едік.
Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты.
Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз