Қарағанды облысында 31 шілдеде орташа тәртіптегі колониядан қашып кеткен рецидивист көп ұзамай ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 31 шілде №31 мекеменің (қауіпсіздігі орташа) әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген сотталған ер адам қашып кеткен.
"ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 119 және 136-баптарына сәйкес сотталған мекеменің күзетілетін аумағындағы объектіде жөндеу жұмысын жүргізген. Бірнеше сағат ішінде қашып кеткен сотталғанды жедел қызметкерлер ұстады. Қарағанды облысының ПД ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады.
29 жастағы ер адам ұрлық және көлік ұрлағаны үшін жалпы 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында 18 шілдеге қараған түні сотталған ер адам медициналық мекемеден қашып кеткені хабарланды. Кейін Полиция қызметкерлері оның ұсталғанын растады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!