Қарағанды облысында сотталған ер адам қашып кетті: қылмыскер ұсталды

Қарағанды облысында сотталған ер адам қашып кетті: қылмыскер ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында 18 шілдеге қараған түні сотталған ер адам медициналық мекемеден қашып кеткен. Кейін Полиция қызметкерлері оның ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, қылмыскер - 35 жастағы БҚО тумасы, ер адам ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Еске салайық, бұған дейін тәртіп сақшылары ер адамның медициналық мекемеден қашқанын, оның қандай белгілері арқылы тануға болатынын айтты. 

"Қала тұрғындарынан сипатталған адамға ұқсас ер адамды көргендер болса, 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауын сұрайды", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек