Таңертең ұйқыдан оянғанда тамағыңыз құрғап, қышып тұра ма? Мұның түрлі себебі болуы мүмкін. Бірақ бұл мәселе сізді үнемі мазалайтын болса, асқынудың алдын алу үшін ертерек қамдану керек. Сомнолог-дәрігер, профессор Роман Бузунов таңертең тамақтың құрғауының 11 ықтимал себебін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Қант диабеті. Бұл аурудың қалыпты белгісінің бірі - шөлдеу.
Суды аз мөлшерде ішу. Яғни, сіз күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішпейсіз. Сізді шөлдеуден басқа, бас ауруы мазалауы мүмкін.
Құрғақ ауа. Мысалы, қыста жылытатын батареяның әсерінен түнде сілекей аз бөлінеді, сондықтан таңертең тамақ құрғақ болады.
Шегрен синдромы. Бұл дәнекер тіннің аутоиммунды жүйелік зақымдануы. Ауру құрғақ шырышты қабатпен, буындар ауырып, қатты шаршаумен көрінеді.
Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы (Gerd). Бұл өңешке асқазан сөлінің кері лақтырылуынан болатын созылмалы қайтамалы ауру. Ол күйдіру, кекіру, ауырсыну және тамақтың құрғауымен байқалады. Сонымен қатар, Gerd белгілері әдетте жатқаннан кейін нашарлайды. Оларды азайту үшін дұрыс тамақтанып, кешкі асты ұйықтаудан 4 сағат бұрын ішіп, биік жастық таңдаған жөн.
Қорылдау және обструктивті ұйқы апноэсы. Адам ұйқы кезінде ауыз арқылы тыныс алады, бұл тамақтың шырышты қабығының құрғауына әкеледі.
Сілекей бездерінің дисфункциясы. Мысалы, семіздік кезінде.
Мұрынмен тыныс алудың қиындауы. Бұл ЖРВИ ғана емес, мысалы, аллергиялық ринит кезінде де болады. Антигистаминдер аллергияның көптеген белгісін жеңілдетсе де, кейбіреулері ауыздың құрғауын тудыруы мүмкін.
Дауыс сымдарына ұзақ немесе қарқынды жүктемелер. Мысалы, айқайлау, ұзақ қойылым, дәріс жүргізу. Көп сөйлеуіне тура келетін адамдар көбінесе тамақтың құрғауын, дауыстың қарлығуын сезінеді.
Лас ауа. Көлік, зауыт жұмысынан ауаға түсетін көптеген химиялық зат ұзақ уақыт әсер еткенде тыныс алу жолдарының шырышты қабығының созылмалы қабынуын тудырады.
Темекі шегу. Көптеген зерттеулер темекі түтіні темекі шегушілер мен олардың айналасындағы адамдарда тамақ ауруын тудыруы мүмкін екенін растаған.
Таңертең тамақтың құрғауынан қалай құтылуға болады: Дәрігердің 6 кеңесі
Айта кетейік, бұған дейін ауыз құрғай берсе не істеу керегі туралы хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жапырақтың құрылысы мен қызметі қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!