- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қан құсып жатқаны...
"Қан құсып жатқаны көрсетілген". Өгей әкесінің қолынан көз жұмған 4 жасар баланың ісіне қатысты жаңа дерек айтылды
Алматы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан өгей әкесінің қолынан көз жұмған 4 жасар баланың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол сот-медициналық сараптама қорытындысын айтты.
"Кішкентай Хантөренің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотта қаралу аяқталып қалды, оған сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша: бауырдың жарылуы, бауырдың езілуі, қан кету, жабық бас миының жарақаты, жұмсақ тіндердің қанауы, аш ішектің жарылуы, көгеру және өліммен аяқталатын денсаулыққа ауыр зиян ретінде сипатталатын басқа да заттар. Осындай жантүршігерлік қылмыс үшін ең әділ жаза тағайындалады деп сенеміз", - деп жазған уәкіл.
Оның үстіне, басты мәселе Хантөренің анасын жауапқа тарту қарастырылады.
"Сот отырысында балабақшадағы бейнебақылау камералары да көрсетілді. Көзге жас алмай қарау мүмкін емес. Жазбаларда Хантөре үстел басында отырып, басын үстелге төмен түсіріп, ыңырсып, үстелде қан құсып жатқаны (соққыдан кейін) көрсетілген. Жекеменшік балабақша қызметкерлерінің жедел жәрдемге хабарлау мүмкіндігі болған кездің босқа кеткені-ай. Сонымен қатар, бұл балабақша рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген және балабақша басшысы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ, тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды". Алайда қызметкерлердің денсаулық сақтау мекемелеріне неге хабар бермегені, жедел жәрдем шақырмағаны әлі түсініксіз. Прокуратураға хат жолдап жатырмыз", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 4 жасар баласын ұрып өлтірді деген күдікке ілінген өгей әкеге қатысты сот процесі туралы хабарланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек