Тік ішектің қатерлі ісігі - бұл екі жыныс өкілдерінде де жиі кездесетін ауру. Ісік жамбас қуысында, сегізкөз және құйрықтың алдында орналасады. Онкологиялық аурудың бұл түрінің алғашқы белгілері қандай, ол ненің әсерінен туады және алдын алу үшін не істеу керек?
Тік ішек қатерлі ісігінің пайда болуына әртүрлі себеп әсер етеді.
Бұл аурудың тұқым қуалайтынын ғалымдар дәлелдеген. Аурудың дамуының басқа да факторлары:
Әсіресе полиптерге назар аударған жөн, өйткені ісік көбінесе полип орнында пайда болады.
Аурудың алғашқы белгілері қандай?
Басқа онкологиялық процестер сияқты, тік ішек қатерлі ісігінің де бастапқы кезеңінде ешқандай белгі болмайды. Кейінірек, ісік дамып болған кезде ауру белгі бере бастайды:
Кейбір адамдар ағзасындағы өзгерістерді байқағанымен, оған мән бермей жүре береді. Дегенмен кез келген онкологиялық ауруды емдеудің жалғыз жолы - ауруды уақытылы, асқынбай тұрып анықтау екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан тәуекел тобындағы және жасы 40-45 асқан адамдар профилактикалық колоноскопиядан өтіп тұрғаны абзал.
Тіпті ең сапалы көрсетілген емнің өзі ағзаның қатерлі ісік торы қалатынын жоққа шығара алмайды. Оларды анықтау мүмкін емес. Сондықтан қатерлі ісікті жеңіп, айықсаңыз да кезекті медициналық тексерілуден өтіп тұру қажет.
Ауруға шалдығудың қалай алдын алуға болады?
Айта кетейік, бұған дейін өкпе қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жердің ішкі құрылымын қалай зерттейді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!