Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылды. Бұл туралы қырғызстандық БАҚ жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ мәліметінше, Қамшыбек Тәшиевке ҚР ҚК-нің мына баптары бойынша айып тағылып отыр: "Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру, сол сияқты конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер" және "Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану".
Қамшыбек Тәшиевке ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Адвокаттың айтуынша, оның қорғауындағы азамат кінәсін мойындамайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қамшыбек Тәшиевке Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылуы мүмкін екені хабарланды.
Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!