- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қала шетінде өртеліп...
Қала шетінде өртеліп жатқан иттердің өлекселері жұртты шошытты
Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев облыс орталығының маңында иттердің өлекселері өртеліп жатқан видеоны жариялады. Оның пікірінше, олар - атылған жануарлар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті блогер халық көп нәрсеге шағымданғанды жақсы көретінін, ал шын мәнінде өздері жануарға қарапайым қамқорлық көрсете алмайтынын жеткізді.
"Еуропадағыдай, Түркиядағыдай немесе Дубайдағыдай емес деп шағымданғанды жақсы көреміз… Неге екенін айтайын, өйткені көпшілік айналамыздағы иттермен, мысықтармен, құстармен және т.б. бірге өмір сүре алмайды. Еуропада әр адам жануарды қолға үйретпес бұрын мың ойланып, толғанып, жауапкершілік алады.
Бізде жануарлардың өміріне маңызды нәрсе ретінде қарамайды. Ойыншықпен ойнап, лақтырып тастағандай. Содан кейін ол ойыншықты еріктілер көшеден тауып алып, зарарсыздандырады, қорғайды, ең жаман жағдайда итті атып тастап, қаланың шетінде өртеп жібереді… Шынымды айтсам, бұл көріністі көргеннен кейін бірден жантүршігерлік сезім пайда болды", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлеуметтік желіде бұл жайт қызу талқыға түсіп жатыр. Көпшілік мұны "қатігездік" деп атады.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында итті аяусыз теуіп ұшырған ер адам қамауға алынғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова