Қостанай облысында итті аяусыз теуіп ұшырған ер адам қамауға алынды

Қостанай облысында итті аяусыз теуіп ұшырған ер адам қамауға алынды
Фото: Видео кадры

Қостанай облысында итті аяусыз тепкен ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап. 

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда үйлердің бірінің кіреберісінде үш ер адам болған. Бұл уақытта анасы, қызы және ит жоғарғы қабаттан төменге түсіп келе жатқан. Ит ер адамдарға үре бастаған. Олардың бірі итті қатты тепкені сонша, жануар ұшып кетті.

Иттің иесі полиция шақырған. Келген учаскелік инспектор олардан сараптамадан өтуді талап еткен. Бірақ олардың бірі бас тартып, өзін агрессив ұстап, әдепсіз сөз айтып, полицейдің заңды талаптарына бағынбаған.

Полицей самбо техникасын қолданған, нәтижесінде үшеуі де медициналық тексеруден өтті. Итті тепкен адам қамауға алынды. Үшеуі де жауапқа тартылды.

Жануарға қатыгездік жасағаны үшін ер адамға 18 мың теңге айыппұл салынды. Бағынбағаны және әдепсіз сөздер айтқаны үшін сот оны кінәлі деп тауып, 180 мың теңгеден аса айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Тағы екеуі кіреберісте мас болып, темекі шеккені үшін жазаланды. Облыстық департамент өкілдерінің айтуынша, ит тірі. Соққыдан кейін оның екі табанына зақым келген. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық. Үй иесінің айтуынша, ол жүгіріп жүр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек