- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қала мүлде жоқ"....
"Қала мүлде жоқ". Түркияда жүрген танымал журналист эмоцияға ерік берді
Танымал журналист Нұрбек Бекбау жер сілкінісінен кейінгі Хатай қаласының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, халық әлі күнге шатырларда түнеуге мәжбүр екен.
"Көрініс өте қорқынышты. Теледидардан қарау немесе суреттерін көру әсерлендіретін шығар. Ал қираған қалаға кіріп келе жатқан кезде жүрегің ауырып кетеді. Қала жоқ. Хатай деген қала мүлде жоқ. Ауыр көрініс. Аман қалған жұрт оттың басында жылынуға мәжбүр. Үйге кіре алмайды. Кейбір үйлер сөгіліп кетіп жатыр. Содан қорқыныш қалыптасып қалған. Шатырлар өте суық, жылымайды", - дейді ол видеода.
@jambyltaraz #нұрбекбекбау #хатай #түркия #зілзала ♬ оригинальный звук - jambyltaraz_product
Еске салайық, бұған дейін Нұрбек Бекбау Түркияға жеткізілген киіз үйлер туралы айтқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова