- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қақаған қыс: шығыстағылар...
Қақаған қыс: шығыстағылар термометр -63 градусты көрсететін суретті таратып жатыр
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары термометр бағаны төменгі шектен де түсіп кеткен төмен температураны көрсететін суреттерді таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірлік YK-news.kz басылымы мәліметіне сүйенсек, суреттерде Алтай ауданының Парыгино ауылында термометр бағаны -60 градустан төмен түскені көрінеді.
Дәл осындай температура Глубокое ауданының Прогресс ауылында да байқалды.
yk-news.kz
Ал Глубокое ауданының Малоубинка ауылының тұрғыны одан да төмен температура көрінетін суретті жолдаған, онда термометр минус 63 градусты көрсетіп тұр.
Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған. "Қазгидромет" РМК "Зырян" метеостанциясында минус 47,3 градусты тіркеді. Бұл - өткен түнде Қазақстанда тіркелген ең төмен температура.
Еске салайық, синоптиктер бұған дейін 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сүйенсек, қалың қар жауып, тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады.
Ал кейін ауа райының қолайсыздығынан 7 облыста жол жабылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова