Қалың қар, тұман, екпіні күшті жел: 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қалың қар, тұман, екпіні күшті жел: 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет ел аумағында 18 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қармен бірге жаяу бұрқасын жүреді.

"Күндіз Түркістан облысының тауларында қалың қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс өңірлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі", — делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы