- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кабинетінде әйел зорлады...
Кабинетінде әйел зорлады деген күдікке ілінген полицияның экс-басшысы сотта есінен танып құлады
Кабинетінде әйел зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевты сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі сот отырысы кезінде сотталушы Күштібаевты жедел жәрдем көлігімен алып кеткені туралы ақпаратты растады.
"Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге шегерілді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Талдықорған полиция басқармасының басшысы әйел зорлады деген күдікке ілінген еді.
Зорлық көрген қыздың адвокаты Нұрлан Молбаев кейінірек оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденов Талдықорған полициясы бастығының кабинетіндегі зорлау дерегі бойынша мәлімдеме жасады.
"Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуға тиіс. Заң бәріне ортақ", - деді министр Ержан Саденов.
Осы оқиғадан кейін Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке ескерту берілді. Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабеков пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан