Қазақстан Қырғызстанға Бішкек ЖЭО-дағы жағдайды реттеуге көмектесуге дайын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ЖЭО жұмысын қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстанның Жамбыл МАЭС-пен электр энергиясын жеткізу көлемін ұлғайтуға байланысты мәселені жедел шешкені үшін алғысын білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Бішкек жылу электр орталығында апат болып, салдарынан бес адам зардап шекті, оның үшеуі ауруханаға жатқызылды, екеуі амбулаторлық ем алып жатыр. Бішкектегі мектептер мен балабақшалар онлайн оқытуға көшті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз