Бішкектегі жылу электр орталығында жарылыс болған сәт видеоға түсіп қалған

Бішкектегі жылу электр орталығында жарылыс болған сәт видеоға түсіп қалған
Фото: видеодан алынған кадр

Желіде 2 ақпанға қараған түні Бішкектегі жылу электр орталығында болған жарылыстың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны "Короче" Telegram-каналы жариялады.

Еске салайық, Бішкектегі жылу электр орталығында апат болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтардың бірі жарылған. Жарылысқа не себеп болғаны әзірше белгісіз. Бес адам зардап шекті, оның үшеуі ауруханаға жатқызылды, екеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Бішкектегі мектептер мен балабақшалар онлайн оқытуға көшті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан