- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Журналист Михаил Козачковты...
Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматының қалалық сотына сілтеме жасап.
"Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 2023 жылғы 30 қаңтарда сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және К.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін, яғни 2023 жылғы 18 наурызға дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген хабарламада.
Козачков ісі: "Арнайы прокурорлардың нақты тапсырмасы бар"
Еске салайық, қазақстандық журналист Михаил Козачков 2022 жылы 18 желтоқсанда қамауға алынған болатын. Ол Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина