Сіздің тамақтану салтыңыз жүрек-қан тамырлары жұмысымен тікелей байланысты. Диетолог Клаудия Ле Февр жүрекпен мәселе туындауының қаупін азайтуға көмектесетін 5 тағамды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қара шоколад. Тәттінің құрамында қан қысымын, сондай-ақ ағзадағы қабыну деңгейін төмендететін флавоноидтар бар.
Сұлы ботқасы. Таңертең бір табақ сұлы ботқасы жүректің жақсы жұмысына тікелей байланысты холестеринді төмендетуге қабілетті.
Бұршақ дақылдары. Бұл қандағы холестерин мен триглицеридтердің төмендеуіне ықпал ететін талшықтың тамаша көзі.
Жасыл және жапырақты көкөністер. Олар антиоксиданттарды көбейту арқылы жүректің саулығын жақсартады.
Жаңғақтар. Омега-3 май қышқылдары мен Е дәруменіне бай жаңғақтар "жақсы" холестерин деңгейін жоғарылатып, керісінше "жаманының" мөлшерін азайтады.
Айта кетейік, бұған дейін жүрек талмасы кезіндегі алғашқы көмектің қандай болу керегі хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бала неге саусағын сорады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!