- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жұлдызнама: кімдердің бай...
Жұлдызнама: кімдердің бай болуға мүмкіндігі көп?
Астрологтар әр жұлдызнама белгісі өкілдерінің өздеріне тән ерекшеліктері мен қасиеттері бар екенін айтады. Ақша таба алатын, жинай алатын және оны басқара алатын 5 жұлдызнама белгісін ұсынамыз.
Тауешкі
Тауешкілер – нағыз еңбекқор адамдар. Сондай-ақ олар өте төзімді: өмірдің барлық қиындықтарын жеңіп шыға алады. Олар қаржы саласында керемет стратегтер. Тауешкілер жиі мансап бойынша көтеріледі. Ал олардың эмоцияға қатты берілмейтін мінезі Тауешкілерді қомақты қаржылық келісімдерде жақсы серіктес етеді.
Сарышаян
Сарышаяндар пайданы сезетін ерекше қасиетке ие. Олар жеңіске жету үшін әрдайым тәуекел етуге дайын. Оларда азартқа деген бейімділік бар, алайда олар өздерінің бұл қасиетін әдетте пайдалы нәрсеге қолданады. Жалпы Сарышаяндар ақшаны жақсы көреді, сондықтан көбірек ақша табуға мүмкіндік көріп тұрса, әрқашан бағын сынап көреді.
Арыстан
Арыстандар өзін, көпшілік назарын және байлықты жақсы көреді. Олар қаржылық табысқа жылдам жетеді. Арыстандар еңбекқорлығымен ерекшеленбейді, десе де олардың ақшаға деген әуесқойлығы жетістікке жетуге ықпал етеді.
Торпақ
Торпақтар жайлылықты жақсы көреді. Бұл жұлдызнама белгісінің өкілдері үшін ақша – тек ләззат алу құралы ғана емес, сондай-ақ қажеттілік. Торпақтар қаржылық жағдайын жақсарту үшін көп жұмыс істеуге дайын. Сондай-ақ олар түрлі шараларға қатысуға тырысады және қарым-қатынасты сақтауға бар күшін салады.
Мерген
Бұл жұлдызнама белгілері әдетте бала кезінен молшылықта өседі. Олардың тиімді ұсыныстарды табу қабілеті қаржыны көбейтуге көмектеседі. Мергендер – жомарт жұлдызнама белгісі. Олар сондай-ақ салтанаттылықты жақсы көреді. Осы қасиеттер олардың бай болуына ықпал етеді.
Оқи отырыңыз: Жұлдызнамасы бойынша ең ақылды адамдар кімдер?
А. Жапатова